ҮМІТКЕРЛЕР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҮМІТКЕРЛЕР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 2020 жылдың 18 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Ақылбек Сағитов пен Мирболат Құрманғалиев ZOOM платформасында Ақжайық ауданына қарасты Ақсуат ауылының «Мұқадес» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында малдың бағым-күтімі, селекциялық шаралар мен ветеринарлық мәселелер ортаға салынды. Қазіргі таңда, қожалықта жылқы малы және қазақтың "Ақбас" тұқымды сиыры өсіріліп, бағылауда. Сонымен қатар, бүгінгі күні «Мұқадес» қожалығында ірі қараларды бордақылап, етке өткізуде үлкен тәжірибеге ие мамандар жұмыс жасайды.
Кездесуге қатысушылар үміткерлерге өздерінің ұсыныстарын жеткізді. Соның ішінде, қожалық жұмысын жеңілдету мақсатында темір қоршаулар мен жем-шөп астауларын, малды жүк көлікке тиеп-түсіретін арнайы құрылғылардың және шаруалардың еңбек күшін азайтатын цифрлы-жабдықтардың қажеттілігі айтылды.
Үміткер - Ақылбек Темірболатұлы, өз сөзінде ауылшаруашылығының маманы ретінде жұмысшылар саны мен малдың қысқы жем-шөп дайындығына қатысты сұрақтарына жауап беріп, онлайн кездесуге қатысушы азаматтарды 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысуға шақырды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
