ҮМІТКЕРЛЕР АУЫЛ КӨШЕЛЕРІН АРАЛАДЫ
ҮМІТКЕРЛЕР АУЫЛ КӨШЕЛЕРІН АРАЛАДЫ
Бүгін, Жаңақала ауданы, Жуалыой ауылында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Алихан Досмухамбетов пен Алтынбек Ермекқалиев жергілікті тұрғындармен бетпе-бет жүздесіп, ауыл көшелерін аралап, халықпен сұқбаттасты.
«Есіктен есікке» акциясы аясында үміткерлер Жуалыой елді-мекені тұрғындарының жағдайларымен танысып, ауыл халқының сұрақтарына құлақ түрді.
Ауыл азаматтарының ауылшаруашылығы мен ауыл кәсіпкерлігіне қатысты сұрақтарына жауап берген үміткерлер, партияның алдағы 5 жылда жүзеге асыруды көздеп отырған бағдарламасымен таныстырып, әлеуметтік мәселелерге арналған жаңа механизмдерді айтты.
Акция аясында сайлау науқанының қазіргі жағдайы туралы ақпараттар беріліп, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға ауыл тұрғындарын белсенді қатысу үндеулері жасалды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
