Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҮМІТКЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бөрлі аудандық мәслихат депутаттығына үмiткерлер ардагерлер мен кездесіп, сайлауалды бағдарламалармен таныстырып,кездесу жасады. Кездесу барысында үміткерлер М.Махауова, Д. Нұрашева, А. Имашева "Nur Otan" партиясының алға қойған жаңа мақсаттары,оның ішінде елдің экономикалық дамуы бойынша етене түсіндіріп өтсе,келесі үміткерлер Б. Далабаев, К. Нұрманов кәсіпкерлікті қолдау бойынша, А. Агаевтың сенімді өкілі мен үміткер А. Аубакирова "Диаломмен ауылға"бағдарламасы паптияның алға қойған жаңа мақсаттарында одан әрі жалғастырды жөнінде сөз еттік Үміткер,көп балалы ана Б. Айсагулова өмір сүруді жақсарту бойынша, Б. Мұхамбедиева мен Л. Калашникова білім алудың тиімді жағының партия аясында кеңінен қаралатыны жөнінде сөз етті.

Осындай алдағы уақытта партияның алға қойған жаңа мақсаттарын айта келе,10-қаңтарда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Кездесуде ардагерлер тарапынан үміткерлерге сұрақтар қойылды. Мәселен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Мырзагалиев қаладағы 13 шағын ауданда ардагерлердің басым көпшілігі тұратындығын, сондықтан сол ауданға мемлекеттік монша және зейнетақы алу үшін орталықтағы почта бөліміне келмей-ақ,сол жақын маңнан почта бөлімі болса деген сауал тастады. Үміткерлер алдағы уақытта партияға өткен жағдайда, осы сауалдарды ескеретіндіктерін айтып,өздеріне жазып алды. Сонымен қатар ардагер В. Хабибулина жұмыссыздық пен қысқартуларды болдырмау бойынша айтып, оның жайы қалай болатыны жөнінде сұрады. Ол туралы үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламаларында алдағы уақытта 174 жоба бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін, оған 8 мыңнан аса жұмыс орнын құру жоспарда екенін айтты.

4
0
206

Еще по теме

ҮМІТКЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ - Yvision.kz