ҮМІТКЕРЛЕР ҚАРАКЕТКЕН АУЫЛЫНДА
«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Серәлі Нарбота, Абдиев Дархан, Меңдібаева Ұлмекен, Тәттібаев Жанболат, Нұрмағанбетов Әлімбектер Қаракеткен ауылы тұрғындарымен кездесті. Кездесудегі басты мақсат-«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын халық арасында кеңінен талқылау,тұрғындарға нақты жоспарларды түсіндіру. Үміткерлер ауыл тұрғындарына бағдарламада көзделген ақжолтай жаңалықтармен бөлісіп, оның ішін аталмыш ауылға қатысты яғни, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы Қаракеткен ауылдық округінде мал бордақылау алаңын салуға, жолдардың сапасын жақсарту үшін 2025 жылға дейін елді мекенішілік жолдарды жөндеуге, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын салуға, ауылды өмір сүруге ыңғайлы етіп қана қоймай, қауіпсіз ету мақсатында көше жарықтарын орнатуға өз ықпалдарын тигізетінін жеткізді.
Келелі кездесуге жиналған тұрғындар жұмыссыздық, кәсіпкерлік және «Дипломмен ауылға» сынды мәселерді көтерді. Көтерілген мәселерге үміткерлер рет-ретімен яғни, 1500жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 260 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін (әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, көтерме жәрдемақысын беру арқылы) жағдай жасайтындығын, және 2025 жылға қарай 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін 11 өңдеуші кәсіпорындар ашуға ықпал жасайтықтарын жеткізді. Үміткер Нұрмағанбетов Әлімбек ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Ол үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға, кәсіпкерлерді қаржылық қолдау мақсатында жеңілдетілген несиелер, кепілдіктер, лизинг пен гранттар ұсынуға ықпал жасауға жұмыс жасайтынын айтып өтті.
Ауыл тұрғындары бүгінге дейін ел тұрғындары үшін жасап жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, 7 басымдықтан тұратын партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайтындықтарын, партиялар додасында «Nur Otan» партиясымен бірге болатындықтарын жетткізді.
