Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕР ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мақсат Ерубай «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының сайлауалды штабында болып, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесуде үміткер Отырар ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы уақытта бағдарлама аясында жүзеге асатын жоспарлармен бөлісті.

Басқосуда сайлаушылар мектептердегі білім сапасы мен мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардағы бала тәрбиесі жайында өз-ойларын айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кездесуде қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берген Мақсат Ерубай сайлаушыларды партияға қолдау білдіруге шақырды.

Еще по теме

ҮМІТКЕР ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz