ҮМІТКЕР «САПА-2002» ЖШС ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер, аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі Е.Аманқұлов Шарбұлақ ауылындағы «САПА-2002» ЖШС- де болып, сайлаушылармен кездесті.
Ол көпшілікті «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауыл шаруашылыққа жасалған басымдықтарды атады.
Үміткер өз сөзінде «Nur Otan» партиясы:
-«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 802 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай жасайды;
-аудандағы шаруа қожалықтарымен, ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы 423 жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі;
-«Жас кәсіпкер! Жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 300 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуға жәрдемдеседі деді.
Сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заман талабына сай жауаптар берілді.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
