Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА

ҮМІТКЕР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА

Құрметті менің оқырмандарым ауданның тұрғындары!

"Nur Otan" партиясы қандай жұмыс атқарды деген сұрақтарыңызға жауап бергім келіп отыр.

2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, бұл көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік.

Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады.

✓БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТ – ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ.

✓Ахуалды жақсарту бойынша шаралар

Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді.

Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды.

Кірісін уақытша жоғалтқан 98 азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленді;

831 аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді;

630-дан астам азаматтың коммуналдық шығыстары өтелді;

130 мүгедек жандарға, 80 мүгедек балаларға, мүгедек күтімімен айналысатын 60 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтапай жұмыспен қамту шарыларына тартылған 350 азаматқа әлеуметтік көмек төленді;

202 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді;

«Түркістан біргеміз» волонтерлық тобы құрылды. 710 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді, 88 отбасыға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді, 60 мыңнан астам медициналық бетперде мен антисептик таратылды.

2020 жылы 754 адамды қоғамдық жұмыстарға жолдау, 146 адамды жастар практикасына, 98 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беріледі;

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 24 инвестициялық жобаларды іске асыруға 2 млрд. 248,8 миллион теңге бөлінді, 78 жұмыс орындары ашылады, оның 79,5 пайызы, яғни 62-сі жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жолданады;

Мүлік және табыс салықтарынан 1 651 салық төлеушілер босатылды;

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге 99 жобаға 55 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді;

Төтенше жағдайлар (ТЖ) кезінде несие бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий қойылды.

Партия сіздермен бірге!

Алдағы 10 қаңтар күні сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын✓

#jenimpazbol

#NurOtan_Baidibek

0
0
185

Еще по теме

ҮМІТКЕР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА - Yvision.kz