ҮМІТКЕР МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРМЕН ЖӘНЕ ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Күзембаева Ақсұлу Шаменқызы мүмкіндігі шектеулі жандармен және ҮЕҰ өкілдерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Өткізілген кездесу мен сұхбатта мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күнделікті мазалаған ойлары мен туындаған мәселелер және ҮЕҰ өкілдерінің жұмыстары бойынша ой бөлісті. «Nur Otan» партияcы Түлкібас аудандық филиалының алдағы уақытта жүзеге асатын Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ой пікірлесті. Кузембаева Аксулу Шаменовқызы 26.05.1963 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірді. 30 жылдан астам медицина саласына өзінің елеулі үлесін қосып келеді. 2019 жылы Денсаулық сақтау министірлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі ушін». медалімен марапатталған. Іс-шара барысында аудандағы денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосу, ауылдық халықтың салауатты өмір салтын белсенді насихаттап, ауруды болдырмау және алдын алу бойынша жұмысты күшейтетіндігін алға тартты.
