ҮМІТКЕР ҮГІТ-НАСИХАТТЫ ЖАНДАНДЫРУДА
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басқарма басшысы Бақытжан Серманизов бүгін «Есіктен-есікке» шарасы бойынша тұрғындармен кездесіп, сұқбаттасты. Үміткер өзі барған әрбір шаңырақ иелерсін Жаңа жылмен құттықтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
