ҮМІТКЕР ҮГІТ-НАСИХАТТЫ ЖАНДАНДЫРУДА
«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер Мөлдір Бақытжанқызы бүгінгі Шардараға сапары барысында «Есіктен-есікке» шарасы бойынша тұрғындармен кездесіп, сұқбаттасты. Үміткер өзі барған әрбір шаңырақ иесін Жаңа жылмен құттықтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
