«MIRAS» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
«Nur Оtаn» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Miras қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес төрағасы, кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауы және облысымызда ішкі саясат, спорт және мәдениет саласындағы мәселелер қаралды.
Облыстық «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы – Алтынбеков Бекзат Қомарұлы ағымдағы жылдың қыркүйек айында еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртуға, әлемді дүрліктірген індет алдында басты құндылықтарымызды қайта қарауға үндеу салғанын жеткізіп, Мемлекет басшысының жолдауында көрсетілген бағыттар мен міндеттерді тиімді жүзеге асырып, қоғамымызда жаңа қағидаттар мен жаңа бағдарлар құруға барлығымыз бір ауыздан атсалысуымыз қажет деді.
Күн тәртібіне сәйкес Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Құсайын Ерлан Бейсенбайұы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды.
Келесі сөз Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлына беріліп, облысымызда мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстары және келесі жылға жоспарлары тыңдалды.
Отырыс Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ағымдағы жылы спорт бағытында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасымен жалғасты.
Отырыс соңында Кеңес төрағасы Кеңестің жаңа құрамын бекітті. Сонымен қатар, қатысушыларды күн тәртібінде көрсетілген сұрақтар бойынша ашық талқылауға, нақты ұсыныстар қабылдауға шақырып, және ол ұсыныстар отырыс хаттмасына енгізіліп, Республикалық «Miras» қоғамдық кеңесіне және облысымыздың тиісті атқарушы органдарына жолданатынын жеткізіп, Кеңес жұмысына қатысушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.



ПОСТ С ФБ
