ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРАМЫЗ
Сарыағаш ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырған үміткер, Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қолдайтынын айтты.
Ауданда 4694 адам тұрғын үй кезегінде тұрады. Сарыағаш қаласында 5 көпқабатты 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. «Nur Otan» партиясы тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін: 2021 жылы жалпы ауданы 45,72 мың шаршы метр тұрғын үй салуды, 2025 жылға дейін инвестицияларды тарту арқылы Сарыағаш қаласы «Самал» мөлтекауданына жалпы алаңы 398 гектар, Ақжар ауылдық округіне 25 гектар, Дербісек ауылдық округіне 110 гектар жер теліміне тұрғын үй салуға; Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округіне электр бағаналары мен трансформаторды ауыстыру мәселесіне ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрғын үй деңгейі әр тұрғынға шаққанда 19,1 м2 жетіп, тұрғын үймен 1,5 мың отбасы қамтамасыз етіледі.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
