Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Министрмен кездесу!

Кеше, реті келіп, бірнеше экология жанашырлары Қазақстан Республикасыны экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевпен бейресми кездестік. Кездесу еркін пікір алмасу форматындағы өтті. Еліміздің, әсіресе Маңғыстаудың өзекті экологиялық мәселелерін талқыладық.

Министерство экологии, геологии и природных ресурсов Казахстана тарапынан көптеген жұмыстар жасалып жатыр екен. Мысалы, өсімдік әлемін реттейтін Заңды жасақтау (Орман туралы заң бар, бірақ орман алқабы жеріміздің 4% құрайды, ал басқа жерлер заңмен реттелмеген), ағаштарды заңсыз кессе қолданылатын шаралардың қатаңдатылуы, қоршаған ортаны көп көлемде зияндайтын көздерге автоматты, онлайын қондырғылардың орнатылуы және басқа да шаралар

Мен өз тарапымнан Қошқар Ата ойпатындағы қалдықтарды жоюға қатысты жапондықтармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, кәсіпорындарда жүргізілетін мониторингтердің формалсыз, тәуелсіз механизмін жасақтау керек екенін, ауаны ластап жатқан отын жағатын қондырғылардың режимдік карталарын жасақтау ескі кеңес заманынан келе жатқан тәртіппен жасалатынын, яғни экологиялық талаптарға сай емес екенін айттым.

Министр егер Қошқар Атадағы улы қалдықтарды жапондықтар тазалайтын болса, оларға толық қолдау көрсететінін және оған қазір таңда еш кедергінің жоқтығын айтты.

Енді жапондардың хабарын күтеміз. Жалпы осы министрліктің басшысының жұмыс стилі, талаптары көңілге қонымды. Елмен ашық кездесіп, экологиялық жағдайларды түсінуге тырысып жүрген азамат екенін тағы дәлелдеді.

Президент Қ. Тоқаевтың ашық билік, ашық Үкімет дегені іске асып бастаған сыңайлы және соны экология министрлігі жүйелі түрде жүргізуде.

Қазақстанымыз таза, қуатты мемлекет болғай!

0
0
183

Еще по теме

Министрмен кездесу! - Yvision.kz