"МИЧУРИН АЛМА-ЭКСПОРТ" ЖШС КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.
Бүгін аудандық Саяси кеңес мүшелері "Мичурин Алма-Экспорт" ЖШС еңбек ұжымымен "Бизнестің Жол картасы" тақырыбында кездесу өткізді. Аталмыш мекемені Үсенбеков Қалымхан Әбдірасылұлы басқарып отыр. "Бизнестің Жол картасы" бағдарламасының мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады."Мичурин Алма-Экспорт" ЖШС зауыты 1964 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері бұл зауыт коньяк спиртін өндірумен және жүзім мен жеміс шараптарын шығарумен айналысады. Қазіргі уақытта «Мичурин Алма-Экспорт» ЖШС шарап зауыты 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалақылары ай сайын төленеді.
