Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАСЫН ЕНГІЗЕ ОТЫРЫП

Ұлттың үдемелі және табысты дамуы көп жағдайда кадрларға байланысты, бұл – аксиома. Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына қосылуының ең басты шарттарының бірі – тиімді, білікті мемлекеттік аппарат құру. Мемлекеттік қызметке объективті және жүйелі түрде іріктеу жүйеін қалыптастыру үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң қабылданды.

Меритократияның заманауи тәсілдерін пайдалана отырып, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бос лауазымдарға орналасу конкурстарына бақылаушылар ретінде қатысады.

А.ж. 26 сәуірінде Департамент басшысы Б.М. Беспалинов Ақмола облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының Әкімшілік бөлімі басшысының лауазымына орналасуға жүргізілген конкурс комиссиясының жұмысына қатысты.

Конкурс қорытындылары бойынша конкурс комиссиясының мүшелеріне конкурстық рәсімдердің объективтілігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
580

Еще по теме

МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАСЫН ЕНГІЗЕ ОТЫРЫП - Yvision.kz