Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ,ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗБЕН ШЕТПЕДЕГІ КЕЗДЕСУ

Бүгін Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына кандидаттарШолпан Ильмуханбетовамен өзімКиікбай Жақыпұлы Ұстазымыз Құрмашев Алдаберген ағайдың шаңырағында болдық

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. Алдаберген ағай 48 жыл ұстаздық еткен. Білім беру саласында еңбегі еленіп, көптеген марапаттарға ие болған ақсақал. Алдаберген әкеміз бен Сәния анамыз 7 баласынан 19 немере және 24 шөбере сүйіп отырған "Мерейлі отбасы" байқауының 1-орын иегерлері. Алдаберген ұстазымыздан тәлім алған шәкірттері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде жетістіктерге жетіп жүр.

Ағай өзінің жастар саясаты, тәрбиесі, өлкенің тарихы мен мәдениетін дамыту жөніндегі ойымен бөлісіп, Nur Otan партиясын қолдайтынын айтты. Ұлағатты ұстаз алдағы сайлаудың сәтті өтуіне тілектестік білдіріп батасын берді.

0
0
133

Еще по теме

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ,ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗБЕН ШЕТПЕДЕГІ КЕЗДЕСУ - Yvision.kz