МЕРЕКЕЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кездесуді өткізген аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев педагог мамандарды атаулы мерекемен құттықтап, Елбасы, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа жолдаған жолдаулары мен қабылдаған бағдарламаларында педагогтарға көптеген артықшылықтар және бірнеше мүмкіндіктер беріп жатқанын жеткізді. Еліміздегі орын алып жатқан індеттің салдары ұстаздарға да қиындық туындатып жатқаны белгілі. Барлық сабақтар онлайн түрде өткізіп жатыр. Оқушылардың білім сапасында бақылауда солай бағытта. Сондай қиындықтарға төзіп, барлық ауыртпалықты еңсеріп келе жатқан педагог мамандарға айтар алғысымыз шексіз. Мәртебелі мамандық иелерін мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, шығармашылық шабыт тілеп, жиын қорытындыланды.
