Перейти к содержимому

Менің таңдауым – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Талай жылдар бойы тізгінін ұстаған, Мемлекетіміздің ең үздік, беделді жоғары білім беру орны – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ-ке түсуге армандамаған адам жоқ шығар. Сол армандаған жастардың бірі – менмін. Арман, мақсат жолында таянбай еңбектеніп, оқу оқып, дайындалып, мектеп қабырғасынан ҚазҰУ-ға түсетінімді білдім. Университетке алғаш келгенімде ерекше әсер қалдырған ҚазҰУ-дың ауласы. Жайқалған ағаштар мен әдемі гүлдер, кең аумақты жүру жолдары, студенттерге жасалған барлық жағдайлар бірден көрінді. Ағаштың көлеңкесінде отырып, сабаққа бірге дайындалған студенттерге қарап, мен де солардың қатарында болатыныма сендім. Осы сеніммен қазір ҚазҰУ-тің студентімін, 1 курсын аяқтадым. 

Бұдан бөлек, университеттің білім сапасының жоғары екенін ерекше атап өткен жөн. Оған дәлел ретінде, халықаралық немесе дүниежүзілік рейтингтердегі алдыңғы орындары мен оқуды аяқтаған студенттердің мамандық жолында жетіп жатқан жетістіктері. Тоқтала кететін болсақ, университетіміз QS World University Rankings 2025 халықаралық рейтингінде әлемдегі топ-200 ЖОО қатарына қосылды. Биыл университет 67 позицияға жоғарылап, 230- орыннан 163-орынға көтерілді.Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)» 2023 университеттерінің халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Әзірбайжан және Молдова университеттері арасында бірінші және үздік университет болып танылды. Бітіруші беделді түлектерге келсек, Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы. Олар қазіргі уақытта мемлекеттік қайраткерлер.

0
0
3390

Еще по теме

Менің таңдауым – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Yvision.kz