Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«МЕНІҢ ЖЕТІСТІГІМ –ЕЛІМНІҢ ЖЕТІСТІГІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің жетістігім –елімнің жетістігі» атты колледж оқушылары мен ЖОО-ның дарынды және алғыр жастар арасындағы облыстық байқауы оқуда, қоғамдық жұмыстарда, көркем шығармашылық пен спортта жоғарғы жетістіктерге жеткен жастарды анықтап, қолдау білдіру мақсатында өтеді. Байқауды Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  ұйымдастырып отыр.

Қатысушылар жеңімпаз атанған жағдайда бағалы сыйлықтармен марапатталады, ескерте кететін жайт марапаттау тек дербес тұлғаларға табысталады.

Байқаудың ұйымдастырушылары: Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі.

Байқауды өткізу мақсатында облысық ұйымдастыру комитеті құрылады.

Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:

- өтініштерді қабылдайды;

- құжаттар топтамасын қалыптастырады;

- жеңімпаздар мен жүлдегерлер санын анықтайды;

- Байқаудың қорытындысын сараптап, есеп береді;

- Байқаудың ұйымдастырылуы және жариялы түрде өтуі мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мәліметтер дайындайды.

2. Байқаудың өткізілу тәртібі мен шарттары

Байқауға қатысуға өтінішті оқу орны  2016 жылдың 12 қазанына дейін [email protected] электронды поштасына «Менің жетістігім –елімнің жетістігі» Байқауы белгісімен жіберу қажет.

Байқау жұмыстарын сараптау 2016 жылдың 21 қазаны мен 28 қазаны арасында жүреді.

Байқаудың 2 кезеңі қараша айында өтеді.

Байқаудың 3 кезеңі марапаттау рәсімі болып табылады. 2016 жылдың 10 желтоқсанында өтеді.

Байқауға Павлодар облысы колледждерінің 2,3 курс студентері мен ЖОО-ның 2,3,4 курс студенттері қатыса алады.

Байқауға қатысушылардың анықталуы:

- әлеуметтік-қауқарсыз топ жастары, бірінші кезекте облыстық және аймақ аралық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары (лауреаттары), спорттық жарыстар, турнирлер және басқа да қоғамдық маңызы бар   іс-шаралар, сондай-ақ оқуда елеулі жетістіктерге жеткен студент жастар өтініш бере алады.  Әр колледж және ЖОО-нан 3 адамға дейін қатысуға рұқсат.

Байқау 3 кезеңде өтеді: 1 кезең – сырттай;

1 кезеңге қатысу үшін дайындау қажет:

- портфолио (2 Қосымша);

- эссе жазу (таңдау бойынша): «Болашақ Қазақстандағы менің орным», «Мен бағындырғым келетін белестер…», «Мен және менің мамандығым» (3 Қосымша);

- автобиография.

2 кезең – шығармашылық презентация;

3 кезең – марапатттау.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған колледждер арасынан 15 қатысушы, ЖОО-дары арасынан 10 қатысушы екінші кезеңге өтеді. Екінші кезеңде қатысушылар шығармашылық презентациясымен таныстырады(таныстыру формасы еркін түрде) Әр қатысушыға берілетін уақыт 3-5 минут. 10 адамға дейін қолдаушылардың қатысуына, фото-бейне материалдарды қолдануға рұқсат етіледі.

Бағалау критерилері: сахна мәдениеті, айтатын ойының мәнерлі-мазмұндылығы, креативтілігі т.б.

3.Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен анықталады, шешім  хаттамамен рәсімделеді.

Жеңімпаздарға облыс әкімінің қолы қойылған алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

4.Облыстық қазылар алқасының құрамы:

Облыстық қазылар алқасының құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім басқармасы, спорт және дене шынықтыру, ішкі саясат басқармасы, мәдениет және тіл дамыту, БАҚ өкілдері енеді.

Байқау қазылары:

-байқау жұмыстарын бағалайды;

- бағалау парақтары мен хатама толтырады.

5.Байқауға мәлімет ұсынушы өкілдерге талап

Оқу орнынан өтінім(басшының қолы және мөрмен бекітілген) (1қосымша).

Облыстық байқауға қатысу туралы өтініш [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Қатысушы портфолиосы титулды парақта соңғы оқу жылындағы фотомен бекітілу қажет (2 қосымша). Портфолио, эссе және автобиографияны келесі мекен-жайға өткізу керек: Ломов к-сі, 38, 1 қабат, 1.03, 1.04 кабинет - Кәсіби бағдар қызметі мен жастардың қосымша біліктілігін дамыту бөлімі, жұмыс күндері сағат: 09:00-ден 13:00-ге дейін, 14:30-дан 18:30ға дейін.

Ұсынылған талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар байқауға  қатыстырылмайды және қарстырылмайды.

 

Анықтама тел. 66-12-43,

Нұрмаханова Қымбат Сатыбалдиновна 8 701 101 28 31

0
0
4907

Еще по теме