Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"МЕНІҢ ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫ" АТТЫ ИНТЕРНЕТ АКЦИЯ

Қаратау мен Алатаудың тоғысқан жері, киелі мекен Түлкібас ауданына – 92 жыл! Жерінің аумағы 2,3 мың шаршы шақырым, облыстың 2,0%-ын қамтиды. Тұрғындар саны 111,0 мыңнан астам адам. Орталығы — Т.Рысқұлов ауылы. Аудан 1928 ж. құрылған. 5-8 ғғ. мұнда Түркі ханының ордасы болған. Жаугершілік заманда түркілердің бас қолбасшысы мерт болып, төбенің басына жерленіп, - «Түркібасы әулие» аталып кетті. Ауданның аты Түлкібасы сөзінен шыққан. Түлкібас (Түркібасы) ауданындағы 62 елді мекен 2 кенттік, 13 ауылдың округке біріктірілген. 26-ға тарта этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Ауданның жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Дәмі таңдайдан кетпес тәтті алмасымен мақтануға тұрарлық. Бүгінде таулы аймақ көгілдір отынмен ең көп көрсеткіш - 99 пайыз қамтылған бірден-бір аудан.

Түлкібастың Солтүстігін Қаратаудың Боралдай (1700-1800 м) жотасы, онтүстігін Талас Алатауының (1500-2500 м) Қарақұс, Алатау, Тасқара, Кіші Ақсу таулары, орталық бөлігін тау етегінде жазық алып жатыр Ауданның жер қойнауында ванадий, темір рудасы, Састөбеде цемент, карбонат шикізаттары, әктас, мәрмәр кен орындары бар.

Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ. Қантардың жылдық орташа температурасы -2-3°С, шілдеде 30-35°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700-800 мм. Өзен жүйесін Арыс өзені және оның салалары — Жабағылы, Дауылбаба, Манат, Құлан, Үлкен Көкбұлақ т.б. құрайды. Жерінде қоңыр-қошқыл, сұр, таудың коңыр топырағы тараған. Жазығында, өзен бойларында шалғынды шөптесіндер, тау беткейінде итмұрын, тобылғы, долана, жеміс ағаштары, тау пісте, кайың, тал, үйеңкі, арша т.б. өседі. Жануарлардан аю, қасқыр, түлкі, арқар, елік, жабайы шошқа, қоян, суыр т.б.: құстардан ұлар, шіл, бөдене, кекілік мекендейді. Халқының орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 39,1 адамнан келеді. Ауыл халқы 83,0%-ды, Састөбе мен Түлкібас кенттерінде қоныстанған қала халқы 17%-ы құрайды. Ірі елді мекендері: Т.Рысқұлов ауылы, Түлкібас пен Састөбе кенті, Балықты, Жаскешу, Азаттық , Шақпақ баба ауылдары. Ауданда ет, сүт өндіріп, астық, жеміс-жидек, көкөніс, жүзім өсіруге мамандандырылған . Мал шаруашылығы негізгі салалы етті, сүтті мал және биязы жүнді қой өсіреді. «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік қорығы орналасқан. Туризм объектілері: Шақпақата әулие үңгірі, Түркібасы тауы, Машат аңғары, Дәубаба шатқалы, Қара-үңгір тұрағы т.б. Аудан жерімен Ұлы Жібек жолының негізгі желісі етіп, ежелгі Шараб, Бадухкет, Тамтадж, Абаггаж. Тамтадж қалаларын, керуен бекеттерін байланыстырған.

Аудан орталығында «Түлкібас» агробизнес және туризм» колледжі, ауыл шаруашылығын механикаландыру, Агроөнеркәсібі кешенінің менеджменті, туризм т.б. мамандарын дайындап шығарады. Аудан жері арқылы Алматы-Шымкент автомобиль жолы өтеді.

#ilovetulkibas

0
0
210

Еще по теме

"МЕНІҢ ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫ" АТТЫ ИНТЕРНЕТ АКЦИЯ - Yvision.kz