МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫМ
Бүгін, ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні "Jas Otan" жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық штабының төрағасы – Нұрғали Жолдасқалиев жастар өкілдерімен онлайн кездесіп, ағымдағы жылы жүргізіліп жатқан сайлау науқаны және алдағы жылы өтетін сайлаудың маңыздылығы туралы әңгімелесті.
Еске сала кетсек, бүгінгі таңда, "Jas Otan" жастар қанатының ерікті жастары өңірдің сайлауалды штабында белсенді қызмет етіп жүр. Араларында сайлау науқанына алғаш рет үлес қосып жүрген студенттер де аз емес. Бүгінгі онлайн кездесуде жастар жанашыры – Нұрғали Қаршығаұлы сайлау процесінің маңызды аспектілері туралы айта отырып, өзінің алғашқы сайлауы туралы әсерімен бөлісіп, жастарды сайлау науқанына белсенді ат салысуға шақырды.
Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарына үлес қосып жүрген ерікті жастар өздерінің ойларымен бөлісіп, сайлау учаскілері және сайлаушының міндеттері туралы сұрақтарын ортаға салып, талқылаулар жүргізді.
