«Мен тарихи Отаныма оралдым»
«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мен тарихи Отаныма оралдым» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті.
Кездесуге саяси кеңес мүшелері Қонысбаева Г., Букебаев Д., Овезов Е. және қандастарымыз Қарамурзаева В., Болатова С. қатысты. Кездесуде қандастарымыз көшіп келген кездегі жағдайы мен қазіргі хал-жағдайын баяндап берді және де үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге өз алғыстарын білдірді.
