Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕН ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН!

Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған - Праймериз өткізілмек. Праймериз тәсілі АҚШ саясаткерлерінен бастау алған. Мақсаты - алдағы барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, партия органдарының, филиалдарының кандидатураларын ұсыну үшін партиялық тізімдерге енгізіп, көшбасшыларды айқындап кандидаттарды партия ішіндегі алдын-ала іріктеу және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну болып табылады. Еліміздің дамуына үлес қосатын іскер және патриот азаматтарға, жаңа толқынға «әлеуметтік саты» іспетті. Өзіне сенімді, туған еліне пайдасын тигізуді қалайтын әрбір көзі ашық қарапайым азаматтардың шешімдер қабылдап, тікелей ықпал етуіне мүмкіндік беріп отырған Праймериз - заманауи тәсіл болып саналады.

#PS: Болашақ жас ұрпағымыз заңы мығым, құқықтық салада шетелдердей дамыған елде өмір сүрсе деген арман - мақсатпен, сан жылдар еткен еңбегімді, өмірлік бар тәжірибемді халықтың игілігіне жұмсауға, қоғамда қордаланып қалған мәселелерді шешу жолында бар күшімді салуға ниет етемін.

0
0
135

Еще по теме