МЕН ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН!
Мен, Рақыш Темірлан, «Іле аудандық жастар ресурстық орталығында» бас маманы болып қызмет атқарамын. «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 17 тамыз және 3 қазан аралығында ұйымдастырылатын алдын ала іріктеу - праймеризіне қатысамын. Барша жастарды, партия мүшелерін ішкі партиялық сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамын. «Ел болашағы - дарынды, білімді жастар қолында» демекші, елімнің патриоты, әрі белсенді партия мүшесі ретінде өзім де праймеризге қатысып, партия жұмысын жаңаша форматта жүргізуге, партия имиджін көтеруге, елімнің гүлденіп, дамуына өз үлесімді қосатын боламын. #МЕНПРАЙМЕРИЗГЕҚАТЫСАМЫН
