"МЕН "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫМЕН БІРГЕМІН!
Мен, Бозшиева Зоя Ескендірқызы 1958 жылы 15 желтоқсанда Гурьев облысы (Атырау) Мақат ауылында дүниеге келгенмін. 1966-1967 оқу жылында Қараой орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1976 жылы орта мектепті аяқтадым. 1977 жылдың қазан айында клуб меңгерушісі болып жұмысқа қабылдандым. 1994 жылдың тамыз айына дейін клуб меңгерушісі болып еңбек еттім. 1994 жылдың тамыз айынан бастап 2015 жылдың тамыз айына дейін Қараой мектеп балабақшасында балалар кітапханасында кітапханашы болып еңбек еттім. 2007 – 2012 жылдар аралығында аудандық мәслихат депутаттығына қатарынан 2 рет депутат болып сайландым. Осы жұмыс жасаған жылдары, мен, «NurOtan » партиясы мүшесінде болып, партиямен бірге еліме сіңірген еңбегім көп болды десем де артық болмайды. Қазіргі таңда, зейнеттемін. Отбасымда жолдасым екеуіміз 5 бала тәрбиелеп, ұлды ұяға, қыздарымды қияға қондырған, немерелерімің ардақты әжесі атанып отырған бақытты әжемін. Мен, «NurOtan » партиясын қолдаймын.
