МЕН "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫМЕН БІРГЕМІН!
Мен Ниязов Ермек - зейнеткер, көп жылдан бері "NUR OTAN" партиясының мүшесімін. 1945 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келген. 1972 жылдан бастап совхозда бас есепші болып жұмыс жасадым. Сол жұмысынан 40 жыл еңбек етіп зейнетке шықтым. 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап "Nur Otan" партиясының құрамындамын "Nur Otan " қазіргі уақыттағы 6 партияның ішінде Қазақстаның экономикасын көтеруде рөл атқарып келе жатқан, тәрбиелік маңызы бар партия. Осы партияның басқаруымен еңбек еттік. Еліміздің экономикасын көтеруге өз үлесімізді қостық. Қазіргі жастарды тәрбиелеуге партия өзінің бағытын көрсетіп еңбек етуге тәрбиелеп жатыр.
