Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ КҮШЕЙТУ ЖОЛЫНДА БІРІГУ КЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ КҮШЕЙТУ ЖОЛЫНДА БІРІГУ КЕРЕК

Өткен апта соңында өткен телекөпірді мұқым ел талқылап жүр. Сын айтып, жанашырлық танытқандардан бөлек, қысыр сөзге, артық сезімге ерік беріп, бас алмай жамандағандары да болды. Мәселе мұнда емес. Менің де, техникалық-ұйымдастырушылық жағына, тіпті, идеологиялық жағына айтар ойым, пікірім бар. Ол үшін сөге көрмеңіздер...

Мемлекет, жеке адамның не бір әулеттің меншігі емес. Мемлекет – тұтастай қоғамдық-саяси институт. Ірі құрылым!

Сарапшылардың осы жағына көңіл бөлуін қалап едім. Бірақ, бәрі емес, тек, бірең сараңы ғана осы бағытта ойын айтты. Жарайды, әрі қарай кеттік. Біздің қоғамдық институт өзгеріске дайын ба?, деген сұрақтарды да атап өткендері болды. Тұздық тастап, пікірін білдіргісі келетіндері де байқалды. Мемлекеттік билікте Үкіметке зор жауапкершілік жүктелу керек деген де ұсыныстар болды. Саясаттанушы Е. Сайыров былай деді:

Ең негізгі идея, осы, Үкімет халық алдында, депутаттар алдында әр бір тиын үшін, әрбір айтқан сөзі үшін жауап беріп отыруы керек. Олардың жауапкершілігі басқа бір деңгейге көтерілу керек.

Бірақ, қазіргі жағдайда Үкімет осы жауапкершілік үдесін шығып жүр ме? Қандай құндылықтарға тоқталып, жанашырлық танытып жүр?, деген астыртын сауалдар, ойлар болмады.

Ал, ата Заңдағы 91 баптың, 2 тармағына ерекше тоқталып, талдаулар жасала ма деп едік, қатты, тереңдей бара қоймады. Бірақ, А. Сарым жақсы айтып кетті. Сонысына да қанағат дедік. Мысалы, қараңыз...

Конституцияға енгізуге ұсынылған заң жобасының 91-баптағы 2-тармақтың мәтін өзгерісіне  қарасаңыз, ескі нұсқада мынадай мәндерге акцент берген:

Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды»

Ал, жаңа нұсқада «Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігін, республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, басқару нысанын өзгертуге болмайды» делініп отыр. Көзі қарақты азамат қайсының күші салмақты екенін былай қарап ақ, байқайды. Мен айтар едім, Үкіметке әлеуметтік-экономикалық саясатты дербес жүргізуге құқық беру және оның жауапкершілігін арттыру, ол ертең біздің саяси реформамен бірге экономикалық саясатымыздың жандануына өзінің үлкен ықпалын тигізеді. Саясаткер Ә.Қосанов осылай дейді. Дұрыс шығар, бірақ, неге Үкіметтің жауапкершілігіне бәріміз тоқталып қалдық, деген сұрақ туады. Бұған өзім жауап беріп өтейін. Егер, осы өзгерістер орын алатын болса, Үкіметтің өкілеттілігі ғана емес, жауапкершілігі артады деген сөз!

Телекөпірде біраз дүниелер айтылып, ортаға салынды. Мықты саяси дискус орын алды. Бірақ, қызыл кеңірдек болып(өтірік болса да) , жаға жыртысуды күткен еді, көрермендер.  Мұның өзі біздің мемлекеттілігіміздің, азаматтық қоғамға деген ұмтылысымызды білдіреді. Айтпақшы, М.Әбеновтың айтқан пікірлері, ойлары тіпті қисынсыз. Ұнамады. Қолды көтеріп, «серпіліс» жасаудан басқа ештеңе істемеді.

 
0
0
785

Еще по теме

МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ КҮШЕЙТУ ЖОЛЫНДА БІРІГУ КЕРЕК - Yvision.kz