МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 9-бабы, 2, 2-1, 3-1 тармақтарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер (жұбайы немесе зайыбы, мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.
Сонымен қатар, декларацияны http://salyk.gov.kz интернет-ресурсында онлайн режимінде тәуліктің кез-келген уақытында тапсыра аласыздар
