МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
2016 жылдың 15 қыркүйек күні Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында «Мемлекеттік қызметте билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел жұмысы оздырылды. Аталған іс-шараға Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау бөлімінің бас маманы М.Қ.Құрманғалиев қатысып, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтауына қатысты баяндама жасады. Аталған дөңгелек үстел жұмысына жеке құрамнан 40 жуық адам қатысты.
