Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлері З.Нугаева,Ж.Мұханбетқалиқызы және қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Муханов, А.Исаева, Н.Тулепов, Қ.Джайлиевпен бірге қаламыздың мемлекеттік қызметшілерімен кездестік.

Жиын барысында облыстық штаб мүшелері мен үміткерлер бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.

Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан қызметкерлер өздерін мазалаған сұрақтар бойынша штаб өкілдерімен пікірлесіп алдағы сайлау науқанында "Nur Otan” партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

0
0
120

Еще по теме

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ - Yvision.kz