МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҰМЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ҚҰЖАТТАРДА ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛЕР

Ағымдағы жылдың 14 маусымда Мемлекеттік қызмет департаментінің басқармасы бас маманы Н.Ғ. Дәулетбаев Қызылжар ауданының Бескөл ауылында «Мемлекеттік қызмет көрсету және кадрлық және қаржылық жұмыс қызметкерлерімен құжаттарда жіберілетін қателер» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Семинар қатысушыларына әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік аударымдарды төлеу, жүктілігі және бала тууы бойынша уакытша еңбекке қабілетсіздігі парағын толтыру, сонымен қатар жұмыс берушілерімен міндетті зейнеткерлік төлемдерді аударғанда, еңбек кітапшаларын және кірістер туралы анықтамаларды толтырғанда жиі кездесетін қателіктер бойынша талаптар туралы ақпарат жеткізілді.
Осы іс-шараға мемлекеттік органдардың 20-дан астам кадрлық және қаржы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.
