Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ САҚТАЛУЫНА ӘР АЗАМАТ ЖАУАПТЫ!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ САҚТАЛУЫНА ӘР АЗАМАТ ЖАУАПТЫ!

ҚР 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының «Тіл – елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта» 4 тарауы, «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» 21 бабына сәйкес а.ж. 12 қарашасынан бастап Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендердегі кәсіптік нысандарға әдістемелік түсінік жұмыстары жасалуда. Шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, сәулет және құрылыс бөлімі, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі мамандары, «Nur Otan» партиясы, «Jas Otan» жастар қанаты мүшелері, сонымен қатар еріктілер қатысты. Түсінік жұмыстары барысында ҚР Тіл туралы заңына сәйкес кәсіптік нысан маңдайшасындағы ақпараттың дұрыс жазылуы және тіл нормаларына (лексикалық, грамматикалық) сай болуы қажеттігі айтылды.

ҚР Тіл туралы заңы бойынша: «Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiлуi» керек. Түсінік жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады және шаралардың нәтижесі ұдайы бөлім бақылауында болады. Ана тіліміз қазақ тілінің – тарихы тамырлы, құндылығы ешбір байлыққа теңестірілмейді. Алаштың ардақты ұлы, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы ешуақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» - деп жазды. Сондықтан барша жұртшылықты, кәсіптік нысан иелерін заң талаптарын бұзбауға және Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, құндылықтарын сақтауға шақырамыз!

0
0
168

Еще по теме

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ САҚТАЛУЫНА ӘР АЗАМАТ ЖАУАПТЫ! - Yvision.kz