МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ ҰСЫНЫЛДЫ
Мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлыққа анағұрлым бейім сала екені белгілі. Бұл орайда сатып алу барысын қадағалауда құзырлы органдармен қатар қоғам өкілдерінің жіті бақылауы жемқорлық әрекеттеріне тосқауыл бола алады.
Осыған байланысты біз «Мемлекеттік сатып алу порталы», «Сатып алудың біріңғай терезесі» ақпараттық талдау жүйелері арқылы мемлекеттік сатып алу саласында мониторинг жүргізудің әдістемелік нұсқаулығын дайындадық.
Аталған нұсқаулықты Агенттік қызметкерлерімен қоса, қоғам өкілдері де мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізуге оңай әрі қолданбалы әдістеме ретінде пайдалана алады.
Сондықтан, біз азаматтарды «Мемлекеттік сатып алуды қоғамдық бақылау» жобасына қатысуға шақырамыз.
Әдістемелік нұсқаулықпен Фэйсбуктегі осы топтың мүшесі болған соң таныса аласыз. Сілтемесі төменде көрсетілген.
https://www.facebook.com/groups/485890975613329/
Біз бірлесіп қана сатып алудың ашықтығы мен айқындығын және әділдігін қамтамасыз ете аламыз!
