МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Астанада өткен брифингте Республикалық конкурстық комиссия жұмысының нәтижесі жария етіліп, мемлекеттік білім беру гранттарын иеленгендердің толық тізімі жарияланғанын хабарлады. Ол тізімді мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://goo.gl/8t6gvG.
Мемлекеттік білім грантына қол жеткізгендердің толық тізімі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне 14 тамыз күні шығады.
Республикалық конкурстық комиссияның жұмысы 4 тамызда басталған. Оған мемлекеттік орган, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы өкілдері мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Былтыр жоғары білім үшін бөлінген гранттар саны шамамен 32 мың болса, Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтері бойынша, биыл грант саны 37 мың 932-ге дейін көбейген. Күндізгі бөлімдегі 1 курсқа 34 782 грант болса, сырттай оқитындар үшін 300 грант бар; жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін 2 850 орын бөлінген.
Естеріңізге сала кетейік, 20 маусым мен 1 шілде арасында республика бойынша Біріңғай ұлттық тестілеу өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша 5 пәнннен орташа балл Қазақстан бойынша 80,5 (140 балдан) құрады. Толығырақ мына сілтемедегі инфографикадан көруге болады: https://goo.gl/4Sefea.

