МЕМЛЕКЕТТЕН КӨМЕК АЛЫП, ӨЗ КӘСІБІН АШТЫ
Оған қоса, жастық, түрлі қажетті тұрмыстық бұйымдар, қыз жасауын да тігуде.
Көрпешелерге 400-ге жуық түрлі үлгіде оюлап тігетін арнайы техниканы қолданады. Мемлекеттен грант алып, бүгінде қажетті құралдарын алған. Қарамағында екі адам жұмыс жасайды.
"Жаздың мезгілінде тапсырыс көп болады, сол уақытта қосымша жұмысшы аламыз. Жастық тазалайтын, синтифон тарайтын аппараттар бар. Келешекте көрпе, мақта түтетін аппарат алуымыз керек. Тапсырыс берушінің сұрауына байланысты кез келген түрдегі тапсырысты қабылдауға дайын болуымыз қажет"-дейді кәсіпкер.
Болашақта лазерлі, түрлі оюда тігетін тағы қосымша техникалар алуды жоспарлауда. Содан қолғап тігуді де қолға алмақ. Жұмыс көлемін ұлғайтып, жұмысшы санын көбейтуді мақсат етіп отыр.
