Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕН ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНАН СПИКЕРЛЕР ПУЛЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

Бүгін Рухани жаңғыру алаңында спикерлер пулының қатысуымен Алматы облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қоғам қайраткері Ермек Келемсейіттің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының құрметті азаматы Әли Алпысбаевтың және Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлермен, қоғам қайраткерлерімен және журналистермен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижелерге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлердің мемлекеттік қызметшілері мысалында адал еңбек ұстанымдарын қалыптастырудың одан әрі жоспары әзірленді.

Сонымен қатар, кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында видеороликтер көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы спикерлеріміздің баяндамалары тыңдалды және жиынға қатысқан әр азаматтың ойын өзгертетін, адалдықпен әдептілікке шақыратын әңгімелер айтылды., сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

0
0
162

Еще по теме

МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕН ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНАН СПИКЕРЛЕР ПУЛЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ - Yvision.kz