МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕР МЕН ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНАН СПИКЕРЛЕР ПУЛЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Бүгін жастарға қызмет көрсету орталығының алаңында "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлнар Тойлыбаева және Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Садықовтың қатысуымен жас мемлекеттік қызметшілермен жұмыс кездесуі өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижелерге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлердің мемлекеттік қызметшілері мысалында адал еңбек ұстанымдарын қалыптастырудың одан әрі жоспары әзірленді.
