Перейти к содержимому

Мектептерде тамақтануға негізсіз 20 млн теңге аударылған

Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады.

Фото: pnp.ru-

Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған.

Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.

Алайда, білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген.

Ұқсас бұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.

Осы анықталған бұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.

Жетісу облысының прокуратурасы

0
0
917

Еще по теме

Мектептерде тамақтануға негізсіз 20 млн теңге... - Yvision.kz