Балалардың бұл қабілетінің құпиясы миелинмен байланысты. Адамның миында 70 миллиардқа жуық нейрон бар. Нейрондардың өсінділері бар. Нейрондардың арасындағы өзара байланыстан нейрон желілері түзіледі. Үнемі жұмыс істеп тұратын нейронның өсіндісі миелинмен қоршалады.
“Жүйке деген – қарапайым сөзбен айтқанда, сым немесе желі. Ішінде білік түріндегі цилиндр бар. Ал сырты ақ түспен, яғни миелин қабығымен қоршалған. Жүйкенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және жүйке импульсін тиісті жерге бағыттайтын да солар”.
Яғни, миелин – адамның іс-әрекетінде маңызды қызмет ететін зат. Ол ананың жатырында жатқаннан бастап қалыптасады. Тіл үйрену миелиннің бөлінуіне ықпал етеді. Осының арқасында балаларда акцент болмайды. Бүкіл әлем елдерінің тілінде 800-ге жуық дыбыс бар. Бала туылған сәтте-ақ осы дыбыстардың бәрін қабылдай алатын болады. Бала қандай да бір тілдегі сөзді естіген уақытта нейрон желілері миелинмен қапталады да, ол дыбыстарды қабылдауы өмір бойына санасына жазылып қалады. Ал егер уақтылы іске қосылмаса, нейрон желілері уақыт өте келе өледі. Ересек кезде тіл үйренген уақытта акценттен құтылу қиын, өйткені шет тілінде сөйлеген уақытта да өз ана тілінде сөйлеген кезде іске қосылатын нейрондар күшіне енеді.
Зерттеушілер арасында ерте жастан тіл үйренушілерге күмәнмен қарайтындар да кездеседі. Алайда, қосымша шет тілін білу адамның бүкіл мансабы барысында +128 000 доллар көлеміндегі жалақы деген деген де пікір бар. Сондықтан, тілді мектептен бастап оқу болашақта табысты болудың кілті деген тұжырым жасауға болады.
