«Мектепке жол» акциясы бастау алды.
«Мектепке жол» акциясы бастау алды.
«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып, қайырымдылық көмек көрсетуде.
«Бұл акция 2008 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын өткізіліп келеді, оның бастамашысы Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.
Бұл акция еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай “Бақытты отбасы” және “Кедергісіз келешек” партиялық жобалары аясында өтеді және мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады.
Қайырымдылық акциясы «Nur Otan» партиясының белсенділері мен аудандық мәслихат депутаттарының жыл сайынғы дәстүрге айналдырған қолдауларымен өтеді, дәл осындай игі іс бүгін, Райымбек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көп балалы отбасының балларына, мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып берді.
Бұл акция алдағы уақытта жалғасын табатын болады..
