Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы

2020 жылғы 23 тамыз күні Іле аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаевтың қатысуымен «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өткізілді. Шара барысында Іле ауданындағы аз қамтылған, көп балалы отбасындағы 3 балаға ноутбук және оқу құралдарын(кітап, дәптер, қалам, қарындаш және бояулар жиынтығы, пластилин т.б.) тарту етті. Жанболат Әкебайұлы шараға қатысушыларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, отбасына амандық тіледі және оқуда озат болып, үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектестігін блдірді.Осы шараның өтілуіне аудандық мәслихат депутаттары – И.Шамиев, Ж.Бейсембаев, «Ақши дамуы» шаруа қожалығының жетеккшісі Т.Омаров демеушілік көмек көрсетті.

1
0
131

Еще по теме

«Мектепке жол» акциясы - Yvision.kz