«Мектепке жол» акциясы
Еліміздің барлық аумақтарында жыл сайын 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментімен бірнеше аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.
2019 жылдың 20 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Н.Самет өңірдегі аз қамтылған отбасыларға тиісті оқу құралдарын өзі тікелей барып табыс етті.
