Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Мектепке жол»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып, қайырымдылық көмек көрсетуде.

«Бұл акция 2008 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын өткізіліп келеді, оның бастамашысы Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.

Бұл акция еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында өтеді және мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады.

Дәл осындай игі іс бүгін, Аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызының ұйымдастыруымен 5 көп балалы отбасының балаларына, мектепке қажетті оқу-жабдықтарын және сөмкелерін табыс етті." Бір баланы қуантсаң, қырық періште шаттанады" -демекші, алдағы уақытта игі істер жүйелі жалғасын табатын болады " -дейді Ұлдана Қуандыққызы .

0
0
134

Еще по теме

«Мектепке жол» - Yvision.kz