Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Мектепке жол»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып, қайырымдылық көмек көрсетуде.

«Бұл акция 2008 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын өткізіліп келеді, оның бастамашысы Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.

Бұл акция еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында өтеді және мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады.

Қайырымдылық акциясы «Nur Otan» партиясының белсенділері мен аудандық мәслихат депутаттарының жыл сайынғы дәстүрге айналдырған қолдауларымен өтеді, дәл осындай игі іс бүгін, Аудандық мәслихат депутаты Кудерова Алтынай Алтаевна ұйымдастыруымен 1 көп балалы отбасының баласына, мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып берді.

Бұл акция алдағы уақытта жалғасын табатын болады..

0
0
128

Еще по теме

«Мектепке жол» - Yvision.kz