Мектепке жол!
Мектепке жол!
Жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ауданымыздағы көпбалалы отбасылар мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық іс-шараларды өткізу дәстүрге айналды.
Бүгін Жарма аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының депутаты Абдрахманов Маутхан Курманбаевичтің қабылдауына Жаңғызтөбе кентінің тұрғыны Р.К.Исатова өзінің немересіне мектепке қажетті оқу формасын алу үшін материалдық көмек көрсетуді сұрай келді. Аталған өтінішті аудандық депутат жерге қалтырмай Р.К.Исатоваға ақшалай көмек көрсетіп, жерлесінің алғысына ие болды.
