МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Халықтық коалиция атынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі Алматы облыстық штаб мүшелері Е.Турумбетов, Ж.Далабаев және Қарасай аудандық қоғамдық штаб мүшесі Қ.Айтжанов Абай ауылындағы, Абай №1 орта мектебінің ұжымымен кездесті.
Штаб мүшелері сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Жолдауда қамтылған «Жайлы мектеп» жобасына тоқталды. Ата-аналармен өзара пікір алмасып, мектеп тынысына қатысты сауалдарына жауап берді.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауында маңызды реформаларға тоқталды. Енді сол міндеттерге әр сала үстірт қарамай нақты шаралар қолданса, Әділетті де, Берекелі қоғам құра аламыз» - деп штаб төрағасы Қаныбек Айтжанов жиынды қорытындылап, барша жиналған қауымды тарихи таңдау жасауға шақырды.
#Tokaev2022
