«МЕКТЕП БАСШЫСЫ – ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУДІҢ ТЕТІГІ»
2019 жылдың 5 наурызда Орал қалалық №5 ЖОББМ базасында «Мектеп басшысы – өзгеріс енгізудің тетігі» атты қалалық семинар өтті. Семинар жұмысы барысында «Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі», «Бірлескен жоспарлау – кәсіби өсудің негізі», «Салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастырудағы желілік мектептер қызметі», «Баршаға қолжетімді мектеп – мүмкіндіктері тең мектеп», «Желі мектептерінде иньернет және цифрландыру технологияларын енгізу тәжірибелері», «Желілік мұғалімдердің кәсіби дамуы мен көшбасшылығы» және «Зерттеу сабақтарын тиімді бақылау мен талдаудың мектеп дамуына әсері» мәселелері талықланды. Сонымен қатар, шара барысында «Адалдық алаңы» ашылып, қатысушыларға оның мақсаты түсіндірілді.
