Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Mega SILKWAY Наурыз мейрамын тойлауда

Астанадағы жаңа ашылған Mega SILKWAY Наурыз мейрамына орай 4 күнге мерекелік бағдарламасын әзірлеген. Осыған байланысты орталықтың 1-қабатында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Мұнда келушілер саны мерекелік күндері едәуір көбейді.

Мерекелік іс-шарада эквилибристер мен акробатикалық шоулар, ауа гимнасттарының "Құстар шоуы", театрлық шерулер болып, "HASSAK" этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Оған қоса, "Садақтан ату" шоуы мен театралды-музыкалық кавалькада күні бойы орталықтың қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Наурыз мейрамының тойлануының соңғы күні бүгін орталықтың ресми ашылу салтанатында сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін болады. Естеріңізге сала кетейік, EXPO-2017 алаңындағы Mega SILKWAY 6 наурызда техникалық тұрғыда ашылған.

3
0
1163

Еще по теме

Mega SILKWAY Наурыз мейрамын тойлауда - Yvision.kz