Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАМЫЗ

Қала тұрғыны кандидаттан COVID-19 пандемиясы туралы сұрап, медицина саласын қандай тың өзгерістер күтетінін сұрады. «Осы жылы елімізде үлкен сынақ болды» деп сөзін бастаған үміткер медицина саласының жағымды өзгерістеріне тоқталды.

- Коронавирустық инфекция кезінде дәрілік препараттар мен

медициналық құралдардың тапшылығына, сондай-ақ медициналық мекемелердің толып кеткені рас. Оны жасырмаймыз. Дегенмен барлығы реттелді. Қазір барлығы тынышталып, бір қалыпқа түскендей. Бұл тек біздің елімізде емес, әлемді жаулаған дерт болды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында медицина саласына жеке тоқталған. Әрине, бұл үшін «Nur Otan» партиясы өз үлесін қосады. Негізгі өзгерістерге тоқталайын. Аллағы жылы, яғни 2021 жылы Облыстық перинаталдық орталықтың құрылысын аяқталады. 2022 жылы Ақтөбе медициналық орталығы аумағындағы 100 төсекті корпус құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бес жылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы жүз пайызға артатын боламыз,-деді Абай Сақтағанов.

Айта кетейік, бұдан бөлек қала тұрғындары қоғамдық қабылдауда қала қауіпсіздігі мен білім саласының алдағы бес жылдықтағы тың өзгерістеріне жауап алды.

0
0
143

Еще по теме

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАМЫЗ - Yvision.kz