МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
елді мекеніндегі аудандық ауруханада медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты- ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасын түсіндіру.
Сенімді өкіл М.Ермаханбетова сайлау алды бағдарламасындағы басымдықтарға тоқталып, денсаулық сақтау саласының дамуына байланысты мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, кадр тапшылығы, ауылды жерде алғашқы медициналық–санитарлық көмекке қол жеткізу, медициналық қызметтердің сапасын көтеру мәселелерін шешу бойынша атқарылатын жұмысқа тоқталды. Денсаулық сақтау саласына берілетін қаржы арттырылатыны айтылды.
Келесі болып сөз алған А.Таширов: дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітілетіні, медицина қызметкерлеріне жан–жақты қолдау көрсетілетіндігі айтылды.
«Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Сондықтан әрбір қазақстандық сайлауға қатысу керек. Отанымыздың болашағы өз қолымызда екенімізді ұмтпайық», – деді кездесу соңында С.Мәмбетқұлов.
#Toqaev2022
